Тексты песен Тексты песен

ZaQ - Demalma

[«Demalma» әнінің тексті]

[Шумақ 1]
Мамалар таң қалады: балдар қайдан боқтап үйренген?
Папалардың жартысы космонавт, ал жартысы — бэтмен
Адал теңге табу деген құдық қазу инемен
Әрине, мендей жастардың бәрі кеткен бетімен
Міне, біздің тәрбие бүлдірсең де, білдірме
Бәрінен тазамын деп, нәскиімді күлдірме
Біреу ғарышты аңсайды, ал біреуге жақсы үңгірде
Бәріне түсіндіре алмайсың, кетіп қал, бір сіңбір де
Көрші тәте пати істесең — «мент шақырам» деп қайнады
Бір демалайын деген кезде шығармаңдаршы зайбалды
Былай да, былай да шаруамен тек, бір бітпейтін айналым
Сен отырғанда дәу диванда, біреу жұлып кетті пайдаңды

[Қайырма]
Демалма, жинал, демалма, жинал
Демалма, жинал, демалма, жинал

[Шумақ 2]
Жасым 28, әлі шеше алмай жүрмін: кім боламын өскен соң?
Менің бұл жүрісімді үйдегілер білмесін…
Дүрбелең мен хаоста – мида ұйқасқан дауыстар
Ауылбай жаяу жүріп келді жайлаудан пентхаусқа
Жайлаудан пентхаусқа, жайлаудан пентхаусқа
Жайлап, үндемей, баунста
Жол жөнекей кейпі тағы мың қырық бес рет ауысты
Рэппер боламын деген бала микрофон мен ауын ұстап
Құлаққа кіріп перфаратормен, тілге елді бері қаратумен
Қардай жаудым – жер қара түгел, сөз-қаймақ, mic-сепаратор bitch
Жина капитал, жина капитал, жина капитал
Әрекет ете бер бейберекет, бірақ тәреңкеңе қарайды мемлекет
[Қайырма]
Демалма, жинал, демалма, жинал
Демалма, жинал, демалма, жинал

Поделиться:

Количество просмотров: 101

Другие песни исполнителя