Тексты песен Тексты песен

Ильхан Ихсанов - ​bir ayda

[«bir ayda (бір айда)» әнінің тексті]

[Шумақ 1]
Болдың маған уайым
Сен әрдайым
Неге әрдайым?
Уақыт өткен сайын
Суып бара жатқандаймын…
Бауыр басып қалған көңіл
Кейде күліп тұрып, кейде мұң…
Енді сенсіз
Құдды жансыз
Күйдемін…

[Қайырма]
Мен сенсіз, жаным-ау, шыдамаспын
Бір айға, бір айға…
Жүрегім мазасыз удай маспын
Бұл айда, бұл айда..
Бір-бірін көрмесе тұра алмайды-ау
Күн — айда , күн — айда…
Құлай сүйіп — көрмей жүру
Оңай ма?

[Шумақ 2]
Жүректі түнек басқанда , түбіне дейін
Өзіңсіз бұл фәниді сезіну де қиын…
Түнертті тұңғиығы мөлдіреген көзіңнің…
Қалайша сен дым уайымсыз ұйықтайсың түнде?
Мен жүрмін түңгі оймен қарбаласып күнде
Мұң салдың тармағына әнімдегі сөзімнің…
[Қайырма]
Мен сенсіз, жаным-ау, шыдамаспын
Бір айға, бір айға…
Жүрегім мазасыз удай маспын
Бұл айда, бұл айда..
Бір-бірін көрмесе тұра алмайды-ау
Күн — айда , күн — айда…
Құлай сүйіп — көрмей жүру
Оңай ма?

[Аутро]
Мен сенсіз, жаным-ау, шыдамаспын
Бір айға, бір айға…
Жүрегім мазасыз удай маспын
Бұл айда, бұл айда..
Бір-бірін көрмесе тұра алмайды-ау
Күн — айда , күн — айда…
Құлай сүйіп — көрмей жүру
Оңай ма?

Поделиться:

Количество просмотров: 127

Видео